Екібастұзда көші-қон ережелерін бұзған Өзбекстан азаматы айыппұл төлейді
Құқық бұзушылық туралы іс Екібастұз қалалық сотында қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін қатысты әкімшілік іс қозғалған болатын (ӘҚБтК 517-б. 4-б.).
Сотпен шетел азаматының ҚР аумағына 29 шілдеде келгені және 4 тамызға дейін Екібастұз қаласында жеке тұлғада уақытша тіркелгені анықталды. Алайда, көшіп келушілердің келуінің және болуының ережесін бұза отырып, көрсетілген мерзімде кетуден жалтарып, заңмен белгіленген болу мерзімі өткеннен кейін он күннен астам уақыт бойы тиісті рұқсатсыз елде болған.
– Сот қаулысымен Ю.-ға баптың санкциясы шегінде 25 АЕК 92 300 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды,– деді Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметінде.
Әкімшілік жаза тағайындай отырып, сот істің мән-жайын, жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, іс қозғалған адамның жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларды ескерді.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.