Екібастұзда ер адам мен жасөспірімдер арасында төбелес шықты

Екібастұзда ер адам мен жасөспірімдер арасында төбелес шықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлеуметтік желіде көшеде болған жанжал түсірілген видео таралды, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласы полиция басқармасында аталған факті тіркелгенін хабарлады. 12 маусым күні сағат 19.30 шамасында полиция басқармасының кезекші бөліміне шақырту түскен. 

– Автопатрульмен жанжалға қатысқандардың барлығы – 30 жастағы ер адам мен үш кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды, – деп хабарлады басқармада. 

Кәмелетке толмағандардың бірі орталық қалалық ауруханаға жүгінген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. Сараптама тағайындалды.