Павлодарда болған жазатайым оқиғаның мән-жайын еңбек инспекциясы зерттеуде

Павлодарда болған жазатайым оқиғаның мән-жайын еңбек инспекциясы зерттеуде
Фото: ТЖД

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қайғылы оқиғаның барлық себептері мен мән-жайы анықталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің облыстық департаментінде хабарлағандай, «Павлодар-Водоканал Северный» ЖШС аумағында жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып түскен. Салдарынан екі адам қаза тапты. Қазіргі уақытта ведомство аталған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, опырылған топырақтың тереңдігі шамамен алты метрді құраған.

Төтенше жағдай қызметкерлері келгенге дейін жұмысшылардың бірі әріптестерінің көмегімен өздігінен шығып үлгерген. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар топырақ астынан тағы екі зардап шегушіні алып шықты. Оларды ТЖМ апаттар медицинасы орталығының бригадасы қарап, кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Қазіргі таңда 60 және 25 жастағы екі ер адам ауыр жағдайда жатыр, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, екіншісі – политравма бөлімінде ем қабылдауда. Ал 56 жастағы тағы бір зардап шегуші амбулаториялық ем алып жатыр.