Павлодарда бір автобус бағыты уақытша өзгереді
Көше бөлігі бір күнге жабылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 29 қазанында таңғы сағат 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Геринг көшесінің Барнауыл-Қамзин және Железнодорожная-Сұрағанов көшелерінің аралығындағы бөлігінде көлік қозғалысы шектелетін болады.
Осыған байланысты № 11 автобус маршрутының қозғалыс сызбасына да өзгерістер енгізіледі. № 11 автобус Геринг көшесімен шығыстан батысқа қарай жүру кезінде шектелген учаскені айналып өту үшін Геринг – Елгин – Нұрмағамбетов көшелері арқылы бағыт алады, содан кейін әдеттегі маршрут бойынша жалғастырады. Кері бағытта да дәл осындай айналма жол қолданылады.