Павлодарда Назарбаев даңғылындағы жолдың бір бөлігі бір аптаға жабылады

Павлодарда Назарбаев даңғылындағы жолдың бір бөлігі бір аптаға жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 3 маусымнан 10 маусымға дейін Ломов көшесінен Амангелді көшесіне дейінгі аралықтағы даңғылдың батыс жағындағы «қалта» учаскесі көлік қозғалысы үшін жабық болады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының негізгі жүру бөлігі ашық қалып, көлік қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылады.

Жөндеу жұмыстары кезеңінде қоғамдық көлік бағыттарының қозғалысына да өзгеріс енгізіледі. Автобустар бұрынғыдай «қалтаға» кірмей, тікелей Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының негізгі жолымен қатынайтын болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.