Павлодарда бірнеше көпқабатты үйде уақытша су болмайды

Павлодарда бірнеше көпқабатты үйде уақытша су болмайды
Фото: Константин Шелков

Компанияда уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

21 ақпанда «Павлодар-Водоканал» ЖШС мамандары Торайғыров көшесі, 75 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің бойындағы диаметрі 110 мм жаңа су құбырын іске қосады.

Құбырды ауыстыру кезінде сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда суық су болмайды:

  • Торайғыров көшесі, 73;
  • Ак. Бектұров көшесі, 17.19, 21;
  • Едіге би көшесі, 76/1.

Су кешке қарай беріледі.