21 ақпанда Павлодар облысында бұрқасын болады
Түнде қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 9-14 метрді құрайды. Түнде 9-11, күндіз 0-2 градус аяз болады.
Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Қар жауып, бұрқасындатады.
Батыс және шығыс аудандарда, оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады.
ҚР бойынша көктайғақ болып, жел күшейеді, тұман түседі.