Павлодарда бірнеше көше уақытша жабылады

Павлодарда бірнеше көше уақытша жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізушілерді маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 14 мамырда сағат 20:00-ге дейін Торайғыров көшесінде асфальт төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Торайғыров көшесі – М.Жүсіп (шығыс жағы), Торайғыров көшесі – Бұқар жырау, Торайғыров көшесі – Олжабай батыр көшелері шекарасында көліктердің қозғалысы шектеледі.