Тереңкөл ауданында депутаттар сумен қамту саласындағы кеңестік тәжірибені еске алды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының Павлодар облысына жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгін сенаторлар Ернұр Әйткенов пен Алтынбек Нұхұлы Железин және Тереңкөл ауданында болды. Депутаттар ауылдардағы бірқатар инфрақұрылымдық нысандардың іске асырылу барысымен танысты.
Атап айтқанда, Песчаное ауылында су тазарту құрылыстары мен су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Су құбыры желісінің ұзындығы 55 шақырымды құрайды. Құрылыс 2023 жылдың сәуір айында басталып, 2024 жылдың желтоқсанына аяқталады деп жоспарланған.
Тұрғындар су құбыры мәселесін көтерді. Депутат Ернұр Әйткенов бұл саладағы кеңестік тәжірибені еске салды.
– Бұл мәселені бұған дейін де бірнеше рет көтердік. Тұрғындар Қазақстанда республикалық бюджет есебінен таза ауызсумен айналысатын кеңестік «Водстрой» ұйымына ұқсас мамандандырылған ұйым құруды талап етті. Сонда жергілікті әкімдер жергілікті су құбырларына қызмет көрсетпес еді, – деді депутат Ернұр Әйткенов.
Дәл осындай жоба Байқоныс ауылдық округіне қарасты Қызылтаң ауылында да жүзеге асырылуда. Құрылыс 2020 жылы басталды. Нысанды 2023 жылдың 20 маусымында өткен сот шешімінен кейін пайдалануға беру жоспарланған.
Еске салайық, биыл облыста 27 сумен қамту бойынша жобаларын жүзеге асыруға 15 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады. Бұл облыстағы сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік көрсеткішін 98 пайызға дейін көтеруге мүмкіндік береді.