Павлодарда бірнеше мәрте заң бұзған тұрғын түрмеге қайта оралды
Ол бұған дейін мерзімінен бұрын босатылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде 215 мыңнан астам тұрғын үй-жайды аралап шыққан.
– Учаскелік инспектор ағымдағы жылғы қаңтарда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның заң бұзғанын анықтады. Бұл азамат ағымдағы жылы бес рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды: екі рет қоғамдық жерде алкогольдік ішімдіктер ішкен және үш рет ұсақ бұзақылық жасаған, – деді департаментте.
Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде болмаған. Учаскелік соттың өтініші бойынша қала тұрғынына өтелмеген жаза мерзімі ауыстырылды. Енді ол қалған тоғыз ай он алты күнді бас бостандығынан айыру орындарында өтейтін болады.
Іс-шара аясында 6 мыңнан астам құқық бұзушылықтың, оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1737 құқық бұзушылықтың жолы кесілген. Тұрғылықты жері бойынша полиция есебінде тұрған 19 мыңға жуық адам тексерілді.