Павлодарда біржолғы төлемдер кідіріспен аударылады
Базада қате шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс орталығында тұратын және тіркелген I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан Республика күніне орай 5 АЕК, атап айтқанда 19 660 теңге мөлшерінде төлем жүргізіледі. Біржолғы төлемді Павлодар қаласының және оған қарасты ауылдардың 8500 тұрғыны алады.
Ақпараттық базадағы деректердің қате болуына байланысты кейбір алушыларға төлемдердің түсуінде кідірістер болуы мүмкін.
Осыған байланысты, егер төлем түспеген жағдайда тұрғындар Генерал Дүйсенов көшесі, 80, 58-үстелге бара алады. Өзіңізбен бірге жеке куәлік және 20 таңбалы есепшот нөмірі болуы қажет.