Павлодарлық жоғары оқу орны Эстония университетімен серіктестік орнатты

Павлодарлық жоғары оқу орны Эстония университетімен серіктестік орнатты
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынды

Тараптар арасындағы келісім студенттер мен қызметкерлер үшін тәжірибе алмасуды көздейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Торайғыров университеті Эстония жаратылыстану ғылымдары университетімен (EMU) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

– Торайғыров университеті шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық құруға әрқашан ашық. Тек осылай ғана біз шынымен бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, оқытушыларымыздың құзыретін арттыра аламыз. Мұндай ынтымақтастық екі жаққа да пайдалы болатынына күмәнім жоқ, – деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Жаңадан орнатылған серіктестік тараптар арасындағы тәжірибе алмасуды, бірлескен зерттеу қызметін, семинарлар мен академиялық кездесулерге қатысуды, академиялық ақпараттармен бөлісу әрі жариялау қызметін көздейді.

Айта кетейік, EMU медициналық-биологиялық бағыттағы үздіктердің қатарына, THE тәуелсіз университеттер рейтингінің топ-850 және QS халықаралық рейтингінің топ-500 кіреді.

Сондай-ақ, Эстония жаратылыстану ғылымдары университетінің ғалымы Арни Дэвид Ричард Торайғыров университетінің ауылшаруашылық ғылымдары факультетіне арналған дәрістер курсын жүргізде.