22 қаңтарда Павлодар облысында аяз болады

22 қаңтарда Павлодар облысында аяз болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Боран күтіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде батыста, солтүстікте қалың қар жауады. Солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, батысында, оңтүстігінде кейде 30 метрге дейін жетеді.  

Ауа температурасы түнде және күндіз  -10..-15, облыстың батысында  -18 градус болады. 

Павлодар қаласында қар жауып, боран соғады. Сынап бағанасы түнде және күндіз  -13....-15 көрсетеді, күндіз одан әрі төмендейді.