Павлодарда көшелердің бірі уақытша жабылады
Толстой көшесі бойында диаметрі 700 мм кәріз коллекторын реконструкциялау бойынша іс-шаралар орындалады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, «АП-ИМПЕКС» ЖШС мердігерлік ұйымы Иса Байзақов көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде жұмыс істейді.
– Жұмыстар траншеясыз әдіспен – санация тәсілімен жүргізіледі. Осыған байланысты Толстой көшесі бойынша көлік қозғалысы Иса Байзақов көшесінен Нұркин көшесіне дейін – 18 мамырға дейін, Нұркин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі 28 мамырға дейін жабылады, – деп жазылған хабарламада.
Бұл жұмыстар кәріз коллекторының қызмет ету мерзімін ұлғайту және асфальтбетон жабынының құлауын болдырмау үшін қажет.
Әкімдікте жүргізушілерден жол қозғалысын алдын ала жоспарлауды сұрайды.