Павлодарда «Ана – ұлттың жүрегі» атты байқау басталды

Байқау жеңімпаздарын ақшалай сертификаттар, сондай-ақ бағалы сыйлықтар күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық ішкі саясат бөлімі «Кенжекөл жастары» қоғамдық бірлестігімен бірге «Ана – ұлттың жүрегі» атты байқау жариялады. Байқау «Аналар күніне» арналған.
Байқауға ата-аналары 35 жастан аспаған қалалық отбасылар қатыса алады.
Байқау үш кезеңнен тұрады:
- Визитка (бейнеролик): қатысушылар өз отбасылары туралы бейне-таныстыру дайындауы керек. Роликтегі басты кейіпкер – ана. Бейне бір минут отыз секундтан аспауы және жақсы сапада болуы керек;
- Кулинарлық кезең «Отбасылық рецепттердің құпиялары»: отбасы мүшелері бірге отбасылық сүйікті тағамды дайындап, оны қазылар алқасына ұсынады. Дайындау процесі мен тағамның тұсаукесері бар бейнеролик екі минуттан аспауы керек;
- Бірлескен өнер көрсету «Біздің отбасымыздың өнері»: отбасы мүшелері бірлескен шығармашылық нөмір көрсетеді (әндету, билеу, кез келген аспапта ойнау және тағы басқалары). Өнер көрсету тікелей эфирде орындалуы және үш минуттан аспауы керек.
Қатысу үшін 10 мамырға дейін өтінімді толтырып, kenzhekol_zhastary@mail.ru электрондық поштасына немесе WhatsApp арқылы +7(705)768-18-50 нөміріне жіберу қажет.