Павлодарда бірқатар тұрғын үй сусыз қалды
Оған құбырының зақымдануы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
"Павлодар-Водоканал" ЖШС-нің мәлімдеуінше, тұрғын үйлерге су жеткізілді.
- Толстой көшесі, 68, 82, 97, 99, 95 ( №10 мектеп), 101, 103, М. Горький көшесі, 102/2, 102/3; Назарбаев даңғылы, 38, 40, 42, 42/1 (оңалту орталығы), 42/2 ("Самал"орталығы) уақытша су өшірілді, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, су құбырындағы зақым 19 сәуірде Нұркин – Толстой көшелерінің маңында табылған. Кәсіпорынның мәліметінше, жер жұмыстарын "IMPEX" ЖШС жүргізген.