Павлодарда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс атқаруда

Олар ауа райының қолайсыздығынан таңнан бері көшелерге шығып, жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала әкімі Хасар Хабылбеков өзінің жеке парақшасында жариялағандай, облыс орталығында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
– Таңғы сағат бестен бастап қала көшелеріне 32 мамандандырылған техника шықты. Сондай-ақ 15 бригада техника жете алмайтын жерлерге қолмен құмды шашуда,– деп жазды қала әкімі.
Жалпы, 200-ге жуық адам жол жиектерін тазалау, павильондар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін тазалау жұмыстарын жүргізуде.