Павлодарда дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аудандық тауар өндірушілер арзандатылған бағамен өнімдерін сатады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 8 маусымда Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Оған Железин, Павлодар, Шарбақты аудандарының тауар өндірушілері қатысады.

Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.