«Ертіс орманында» жануарлар азықсыз қалдырылмады
Төмен температура, азық-түліктің жетіспеушілігі жабайы табиғатты осал етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс орманы» Мемлекеттік табиғи орман резерватының мәлімдеуінше, жыл сайын резерват аумағында жабайы жануарлар санын сақтау және көбейту үшін биотехнологиялық іс-шаралар кешені және жабайы жануарлар мен құстардың санын есепке алу жүргізіледі.
– Жыл сайынғы мемлекеттік есепке алуды жүргізу оларды резерват аумағы бойынша бөлу, шоғырлану орындарының болуы туралы қажетті деректерді алуға, осы жануарлар үшін биотехниялық іс-шаралар өткізуді жоспарлауға мүмкіндік береді. Қыс мезгілінде жануарларды тамақтандыру өте маңызды іс-шара болып табылады, – делінген хабарламада.
Азықтандыру орындарына жануарлар жақсы келеді, оған дәлел – бұл жануарлардың іздері мен азықтандыру орындарында желінген азықтық сыпырғыштар.