Павлодарда демалыс күндері өтетін мәдени және спорттық іс-шаралар

Павлодарда демалыс күндері өтетін мәдени және спорттық іс-шаралар
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі театрда төрт қойылым сахналанады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

17 ақпан

10:00 - де М. Жүсіп көшесі, 161 мекенжайында грэпплинг және грэпплинг гиденн бойынша ашық қалалық турнирі өтеді. Дәл осы уақытта «Ертіс» шаңғы базасында мемлекеттік қызметшілер арасында шаңғы жарысы бойынша қалалық турнирі басталады.

11:30 - да «Ертіс» шаңғы базасында колледж оқытушылары арасында шаңғы жарысы бойынша 53-ші кешенді қалалық спартакиада болады. 

17:00 - де  Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында Оралхан Бөкейдің «Кербұғы» атты драмасы қойылады. 

18:00 - де А. Чехов атындағы облыстық драма театрында «Любовь и голуби» атты комедиясы болады. 

18 ақпан

11:00 - де «Қайсар» балалар жастар спорт клубында армлифтинг бойынша ашық қалалық турнирі өтеді. 

11:30 - да Өңірлік дене шынықтыру оқу-практикалық орталығының тирінде ардагерлер және әуесқойлар арасында оқ ату бойынша қалалық чемпионаты болады. 

12:00 - де А. Чехов атындағы облыстық драма театрында «Летучий корабль» атты ертегінің қойылымы басталады.  Ал сағат 18:00 - де «Полоумный Журден» комедиясы қойылады.