Павлодарлық сарапшылар маркетингтің қыр-сырымен бөліседі
17 желтоқсанда Жастар бастамаларын дамыту орталығында психология және сату стратегиясы бойынша тренинг өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Сағат 14:00-де сертификатталған психолог, гештальт терапевт, «Табысты және саналы» қауымдастықтың негізін қалаушысы Наталья Соколова эмоционалды интеллект және оның сатылымға деген әсері жайлы дәріс өткізеді. Ал сағат 15:00-де халықаралық сертификаты бар жеке қаржыны басқару жөніндегі маман, сату және бизнесті дамыту стратегиясының сарапшысы Яна Шульц стратегия, маркетинг және қаржы тақырыбында ой қозғайтын болады.
Тренигке қатысамын деушілер алдын ала +7 707 665 5803 WhatsApp нөмірі бойынша жазылуға мүмкіндігі бар.