Павлодарда ұрпақтан-ұрпаққа аманат еткен құнды заттар көрмесі ұсынылады

Павлодарда ұрпақтан-ұрпаққа аманат еткен құнды заттар көрмесі ұсынылады
Фото:pixabay.com

Облыс тұрғындары жанұясындағы көне заттарды жинап, музейге тапсырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

13 ақпанда сағат 11:00-де Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Менің отбасымда сақталған құнды зат» атты көрмесі қойылады. 

– Соңғы уақытта адамдар өздерінің тамырларын зерттеуге көбірек бет бұра бастады. Көптеген отбасыларда көне жәдігерлер бар. Мұқият сақталған заттар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Заттар бізге ата-бабаларымызды еске алу ретінде ғана емес, мәдениет, нақты тарихи оқиғалардың құжаттық дәлелі ретінде де қызықты. Оларда сақталған ақпарат өте құнды, – дейді музейде.

Көрменің мақсаты – музей қорын толықтыру, болашақ ұрпаққа патриоттық, эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруде тиімділікті арттыру, отбасы мүшелерінің қаһармандық өткені туралы ақпарат жинау.

Айта кетейік, былтыр Ақсуда «Менің отбасымда сақталған құнды зат» музейлік фестивалі өтті. Оған облыстың 50-ден астам тұрғыны қатысты. Олар қызықты оқиғалармен байланысты заттарды көрмеге ұсынып, кейбіреулерін музей қорына тапсырды. Осылайша, Ақсуда музей қоры 70 экспонатпен толықтырылды. Фестивальдің қорытындысы бойынша Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында көне заттар көрмесін өткізу туралы шешім қабылданды.