Сенбі күні Павлодар облысында аяз сақталады

Сенбі күні Павлодар облысында аяз сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа температурасы түнде -27..-32, күндіз -18..-23 градус көрсетеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады.

Батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды.  

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, күндіз аздаған қар жауады.

Сынап бағанасы түнде -28..-30, күндіз -19..-21 градус көрсетеді.