Кенжекөлде көлік баланы қағып кетті

Кенжекөлде көлік баланы қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 6 ақпан күні Кенжекөл ауылы маңындағы автожолда Jac маркалы автокөліктің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 16 жасқа толмаған баланы қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.

Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Ведомствода осындай жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимін бұзбауға, әсіресе қозғалыс қарқынды учаскелерде мұқият болуға, көлік құралының техникалық жай-күйін бақылауға және ауа райы жағдайының өзгерістерін ескеруге шақырады.