Павлодарда экология департаменті қоғамдық тыңдау өткізеді
Онда өтініштер мен ұсыныстар 8 қыркүйекке дейін қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Мұнда «KAZ Minerals Bozshakol" (КАЗ Минералз Бозшаколь)» ЖШС - «Бозшакөл кен орнының тау-кен жұмыстарының жоспары (түзету)» мәселесі талқыланады.
Өтінішті https://ecoportal.kz/ «Қоғамдық талқылаулар» тақырыбында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru сайттарынан табуға болады. «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында пікірлер мен ұсыныстар 9 тамыздан бастап 8 қыркүйекке дейін қабылданады.
Пікірлер мен ұсыныстарды «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» ММ pvlecspert@mail.ru электронды мекенжайына немесе Павлодар қаласы, Мира көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті), телефон +7(7182) 532354 қабылдайды.