Павлодарда екі балабақша жарықсыз қалады

Павлодарда екі балабақша жарықсыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Қамзин көшесі, 360 мекенжайы бойынша орналасқан №116 бөбекжай-бақша мен Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4 – №121 балабақшада электр қуаты сөндіріледі.

Сонымен қатар:

  • Н.Назарбаев көшесі, 291, 293;
  • Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 6;
  • Амангелді көшесі, 11/2;
  • Кубанская – Рылеев – Орджоникидзе – Амангелді көшелерінің алаңындағы тұрғын үйлер;
  • Ломов көшесі, 186;
  • Циолковский көшесі, 33, 33/1, 33/6, 39, 120, 120А, 120/3, 140/1, 144, 151, 153 мекенжайлары бойынша орналасқан нысандарда жарық болмайды.