Павлодарда ер адам өз пәтеріне өрт қойды
Артынша ол терезеден секіріп кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға бүгін 23 ақпан күні Павлодар қаласы, Айманов көшесі, 26-үйде болған.
- Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында психо-неврологиялық диспансердің есебінде тұрған, суицидке бейім ер адам есікті ашпағаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар күшімен алдыңғы есік ашылды. Белгілі болғандай, ер адамның пәтерді өртеп, өзі терезеден секіргені анықталды, - делінген хабарламада.
ТЖД өртке қарсы қызметі үй заттарының, жиһаздарының өртенгенін анықтады. Өрт жалпы ауданы 20 шаршы метр жерді шарпыған. Жалын сағат 18:55-те толықтай сөндірілді.
1986 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді. Алдын-ала диагнозы бойынша оның оң қол мен аяғы сынған.
Оқиға болған жерге өрт сөндіру және апаттық құтқару бөлімінің 17 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.