Ақсу ауылдық аймағында қатты жел мәдениет үйінің шатырын жұлып әкетті
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 маусым күні сағат 12.00-де 8 маусым күні сағат 19.45 шамасында Жолқұдық ауылында Центральная көшесі, 1 а мекенжайы бойынша қатты желден бір қабатты мәдени-демалыс орталығының шатыры жартылай бұзылғандығы туралы хабарлама түскен.
– Бұл күні желдің жылдамдығы 17 м/с дейін жетті. Салдарынан Ақсу қалалық әкімшілігінің қарамағындағы ғимараттың 150 шаршы метр алаңда шатыры ұшып кеткен, – дейді департаментте.
Келтірілген шығын көлемі алдын ала тексеруден және бағалаудан кейін анықталады.