Павлодарда ерекше баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әке қиын жағдайға тап болды

Павлодарда ерекше баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әке қиын жағдайға тап болды
Фото: Куәгерлер ұсынды

Vita еріктілері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек қолын созуға шақырады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Виталий ұзақ жылдар бойы мүмкіндігі шектеулі баланы жалғыз тәрбиелеп келеді. Отбасындағы  жалғыз асыраушы әкесі жалға алған пәтер ақысын төлеп, күн көру үшін күн сайын жұмысқа барады, – дейді  «Vita» Павлодар қаласының іздеушілер» ҚБ басшысы Екатерина Кудрявцева.

Баланың тәрбиесіне Виталийдің егде жастағы анасы көмектеседі.  Зейнеткер онкологияға шалдығуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылады. 

– Бала ерекше болған соң түнде нашар ұйықтайды, күндіз түскі уақытта екі-екі жарым сағат қана ұйықтайды. Сол кезде әжесі тамақ дайындап, басқа шаруаларды атқарып үлгереді. Сол күні де әжесі тамақ дайындаған соң нан алу үшін сыртқа шыққан, қайтып келгенде жүрегі тоқтап қала жаздаған, – дейді «Vita» Екатерина Кудрявцева.

Бала ұйқыдан оянған соң ас үйге барып,  шырпымен креслоны тұтатқан. Әрі қарай  ештеңе түсінбестен балконға шыққан. Тілсіз жаудың кесірінен отқа оранған пәтерді қалпына келтіру жалғызбасты әкеге оңай түспесі анық. Бұған қоса, өрт салдарынан көршілері де зардап шеккен.  

Аталған отбасыға көмек көрсету мақсатында 8 702 914 09 35 нөміріне тіркелген баланың әжесінің атына  (Асия А.) есепшот ашылды.  Kaspi Gold: 4400 4302 2089 9659. 

Еске сала кетейік,  Ермак көшесіндегі үш қабатты үйде үшінші қабатта екі бөлмелі пәтер отқа оранды.