Павлодарлықтар танымал әндердің авторымен кездеседі

Павлодарлықтар танымал әндердің авторымен кездеседі
Фото: pixabay.com

Ол эстрада жұлдыздарының әндеріне сөз жазған жас ақын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 мамыр күні сағат 17:00-де жас ақын, танымал хит әндердің авторы, Айқын, Мадина Садуақасова, Қуандық Рахым сияқты Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының әндеріне сөз жазған Назерке Семеймен кездесу өтеді.

Назерке Павлодар қаласынан шыққан шығармашылық саласының өкілі, жас кезінен қара өлеңге үйір болып, түрлі айтыс мүшәйрайларына қатысып өнердегі жолын ақын ретінде бастады. Бүгінгі таңда ол облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді, – дейді баспасөз орталығында. 

Кездесу «BIR TOLQYNDA» диалог алаңында «Жастар рухы» жастар қанаты белсенділерімен және қаланың шығармашылық жастармен еркін форматта өтеді. 

Өтетін мекен-жайы: Кривенко көшесі, 25а, «AMANAT» партиясының облыстық филиалы, «Кітап – AMANAT» кабинетінде. 

Байланыс телефондары: +7(747)292-14-00, +7(701)917-88-21.