Павлодарда ересектердің бақылауынсыз шомылып жүрген балалар анықталды

Павлодарда ересектердің бақылауынсыз шомылып жүрген балалар анықталды
Фото: Константин Шелков

Олардың жағдайы жақсы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы Ертіс өзенінің жағалау аймағында патрульдеу жүргізу барысында кәмелетке толмаған балалардың рұқсат етілмеген, жабдықталмаған жерде ересектердің бақылауынсыз суға түсіп жүргенін анықтады.

Аталған жағдай бойынша судағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері балалардың ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оларға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Құтқарушылар тұрғындарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды тағы бір мәрте ескертті.