Екібастұзда қазақ тілін насихаттау талқыланады
Шараның арнайы қонағы «Құрмет» орденінің иегері, қоғам қайраткері, Тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, 19 сәуір күні сағат 15:00-де Ұлттың үні, тәуелсіздіктің тірегіне айналған мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, мекемелерде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты Республикалық конференция өтеді.
– Тіл қай ұлтта болса да, қашан да қастерлі, құдіретті. Ана тілімізді асқақтатып, дәріптеуге өз үлесіңізді қосуға шақырамыз, – дейді шара ұйымдастырушылары «Атамекен» мәдениет үйі.
Өтетін орны: «Өнер» қалалық мәдениет сарайының кіші залы.