Павлодарда ипподромға дейін автобус тегін жүреді
20 шілде күні ат спорты түрлері бойынша қалалық турнир өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, осыған байланысты теміржол вокзалынан «Құлагер» ипподромына автобуспен жүру тегін болады.
Автобустар теміржол вокзалынан келесі кесте бойынша шығады:
- сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін, қозғалыс аралығы – 15 минут,
- сағат 10:00-ден 11:30-ға дейін, қозғалыс аралығы – 30 минут;
- сағат 11:30-дан 13:00-ге дейін, қозғалыс аралығы – 15 минут.
Еске сала кетейік, көрермендер асыл тұқымды жылқылардың керемет жарыстарын тамашалай алады. Аламан бәйге – 24 шақырым, топ бәйге – 14 шақырым, құнан бәйге сегіз шақырым қашықтықта өтеді. Жүлде қоры – жеті миллион теңге.