Павлодарда ыстық су қашан берілетіні белгілі болды

Павлодарда ыстық су қашан берілетіні белгілі болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазір ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Гидравликалық сынақтар аясында қаланың солтүстік бөлігінде 51 ақау анықталды. Оның үшеуі магистральдік желілерде және қырық сегізі аулаішілік желілерде табылды.

Оңтүстік бөлігінде 69 ақау анықталды. Он жетісі магистральдік желілерде, елу екісі аулаішілік желілерде тіркелді.

«Павлодарэнерго» АҚ-ның Instagram парақшасындағы мәліметтеріне сәйкес, ыстық су оңтүстік ауданда 25, ал солтүстік аймақтағы мекенжайларда 28 тамызға дейін беріледі.

Еске сала кетейік, қала әкімі Хасар Хабылбеков демалыс күндері гидравликалық сынақтардан кейін жылу желілеріндегі зақымдарды жою жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды тексерді. Ол дүйсенбі күні оңтүстік және солтүстік желілік аймақтар бойынша ыстық су беру кестесі жарияланады деп уәде берген.