Павлодарда күнделікті жарықтың өшуі немен байланысты?

Павлодарда күнделікті жарықтың өшуі немен байланысты?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл шаралар қала тұрғындарын сенімді және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін маңызды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «ПЭТК» АҚ қалалық электр желілері кәсіпорнының мамандары желілер мен жабдықтарды жөндеуге бағытталған жоспарлы жұмыстарды күн сайын жүргізеді. Осы жұмыстарды орындау үшін кейбір аудандарда таңертеңнен кешке дейін электр энергиясы уақытша ажыратылады.

– Мысалы, оқшаулауды құрғақ тазалау сияқты кейбір жұмыс түрлерін кернеуді ажыратпай-ақ орындауға болады. Бұл жағдайда тұтынушылар ешқандай іркіліс сезбейді. Ал көптеген басқа жұмыстар жабдыққа сапалы қызмет көрсету және ең бастысы, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кернеуді толық ажыратуды талап етеді, – деді «ПЭТК» АҚ ҚЭЖК бас инженерінің орынбасары Юрий Волошанин.

Мамандардың айтуынша, тұрғындар түнгі уақытта да жарықтың қысқа мерзімге өшуін байқауы мүмкін. Мұндай жағдайлар көбінесе тұрмыстық техникаға зиян келуі мүмкін деген алаңдаушылық тудырады. Алайда, алаңдаудың қажеті жоқ: бұл – жабдықты жөндеу үшін бір қуат көзін сөндіріп, резервтік қуат көзін қосу процесі. Мұндай жұмыстар түнде жүргізіледі, себебі бұл уақытта электр желісіне түсетін жүктеме төмен болады.

– Мұндай қысқа мерзімді ажыратулар тұрмыстық техникаға әсер етпейді. Кернеу параметрлерінде ауытқу болмайды. Бұл электр құрылғысын желіден қысқа уақытқа ажыратқанмен бірдей, – деп түсіндірді Юрий Волошанин.

Компанияда атап өткендей, барлық жоспарлы ажыратулар туралы павлодарлықтарға алдын ала хабарланады. Жөндеу жұмыстары жоспарланған мекенжайлар тізімі ПАВЛОДАРЭНЕРГО-ның ресми сайтында және компанияның @aopavlodarenergo Instagram-аккаунтының стористерінде жарияланады.