Павлодар облысының бас имамы студенттермен кездесті

Павлодар облысының бас имамы студенттермен кездесті
Фото: ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметі

Олар діни жат ағымдардың зияны жайлы сөйлесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы облыстық дін істері басқармасына қарасты конфессия аралық қарым-қатынасты талдау және дамыту орталығымен бірлесіп Марғұлан университетінің студенттерімен кездесу өткізді. 

Кездесуде облыс бас имамы жат «діни ағымдардың зияны», «дәстүрлі ислам деген не?», « имам Матруди ақидасы», «Әбу Ханифа мазһабы», «әлеуметтік желіде отырған кезде әртүрлі сайттардан сақ болу», «қай уағызшыларды тыңдау», «дін мен дәстүр сабақтастығы» сынды кең көлемдегі тақырыптарды қамтып уағыз-насихаттар айтты.

Кездесудің соңынды студенттер өз сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алды.