Павлодарда кәріз желілерін салу қашан аяқталады?
Екінші Павлодардағы жұмыстар тамыз айының соңында аяқталмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қаланы аралау барысында қала әкімі Хасар Хабылбеков жеке секторда орталықтандырылған кәріз желілерін салу нысандарына барды.
– Зеленстрой шағын ауданында барлық көшелерде өздігінен ағатын коллекторларды төсеу аяқталды. Қазір қысымды кәріз бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады, – деді әкім Іnstagram әлеуметтік желідегі парақшасында.
Екінші Павлодар және Горторг шағын аудандары бойынша «Павлодар Водоканал» ЖШС-нің қолданыстағы желілеріне қысымды коллекторды орнату және енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Тамыз айының соңында аяқтау жоспарлануда.
Қала әкімі жауапты тұлғаларға барлық жұмыстарды уақытылы жүргізуді және орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.