Павлодар орталық мешітінде 30 күн бойы 150 адамға ауызашар беріледі

Павлодар орталық мешітінде 30 күн бойы 150 адамға ауызашар беріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сондай-ақ облыс мешіттерінде мұқтаж отбасыларға «Рамазан қоржыны» табысталды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз  қызметінің мәліметінше, Рамазан айы ішінде Мәшһүр Жүсіп мешітінде бір ай бойы ауызашар ұйымдастырылады. 

Қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде  қасиетті жұма күні «Жомарт жұма» акциясы аясында 100 бөлке нан тегін таратылды. Мешіт ішіндегі кітап сөрелеріне ҚМДБ рұқсаты бар «Мүфтият» баспасынан шыққан кітаптар қойылып, мешіт жамағатына Ханафи мәзхабына сай кітаптардан білім алуына жағдай жасалды. Рамазан айы басталмас бұрын мешіттің жайнамаз кілемі демеушілердің көмегімен ауыстырылды.

– Жамағатқа күнделікті бесін намазында және тарауық намазы алдында бекітілген тақырыптарда насихат жұмыстарын жүргізді. «Бір айда Құранға түс» атты құран дәрістері өтуде, – дейді баспасөз қызметінде. 

Мешіттің «Жастар ісі секторы»  қасиетті айдың құрметіне ұйымдастырылған қайырымдылық акциясында демеушілер арқылы аз қамтылған мұқтаж 20 отбасына азық-түлікпен «Рамазан қоржыны» табыстады.

Мешіт жамағатына «Мүфтият» баспасынан шыққан «Оразаға қатысты 200 сұрақ» және «150 вопросов о посте» кітаптары  тегін таратылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mazhab.kz (@mazhabkz)