Павлодарда көше қиылысы жабылады
![Павлодарда көше қиылысы жабылады](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202311/image_750x_655ef5f7e2658.jpg)
Жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 2024 жылғы 29 маусым күні сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін Н. Назарбаев даңғылынан Естай көшесіне дейінгі Малайсары батыр көшесі Катаев көшесімен қиылысы жабылатын болады.