Павлодарда ойын-сауық орталығында концерт өтеді

Көрермендерге бишілердің хореографиялық қойылымдары мен көңілді әуендер ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Естай атындағы Мәдениет сарайы баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 наурыз күні сағат 15:00-де «Batyr Mall» сауда және ойын-сауық орталығында Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт қойылады.
– Сахнада Естай атындағы Мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, сіздерге көктемгі жаңару, қуаныш пен бірліктің атмосферасын сыйлайды. Сіздерді кербез бишілердің хореографиялық қойылымдары, көңілді әуендер мен ұлттық нақышқа толы ерекше сәттерді бірге тамашалауға шақырамыз, – дейді ұйымдастырушылар.
Ұйымдастырушылар көктем мен жаңарудың мерекесін бірге қарсы алу үшін тұрғындарды отбасымен келуге шақырып, көрермендерді асыға күтетіндерін жеткізді.