Павлодарда кейбір тұрғын үйлерде жарық болмайды

Павлодарда кейбір тұрғын үйлерде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қорғалатын аумақта ағаштарды кесу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қазан күні сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін Ак. Бектұров – Ломов – М. Жүсіп – П. Васильев көшелері алаңындағы тұрғын үйлер жарықсыз қалады. 

Сонымен қатар, 9:00 – 17:00 аралығында Бекмаханов көшесі, 25, 31; Естай көшесі, 84; Абай көшесі, 75, 83, 110, 110/1; М. Жүсіп көшесі, 35 мекенжайлары бойынша электр қуаты сөндіріледі.