Екібастұздық акробатшылар ел чемпионатынан жүлделі оралды
Жарысқа жеті қаладан 300-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Алматы қаласында жасөспірімдер арасында спорттық акробатикадан және жекелеген жаттығулардан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
«Жасыбай» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері үздіктердің қатарына еніп, жүлделі орындарға ие болды.
Ерлер тобында Назар Воротеляк, Санжар Сәдуов, Жәуде Мансұр, Әли Амангелді тепе-теңдік және динамикалық жаттығулар бойынша бірінші орын иеленді. Әйелдер тобында Маргарита Мендыгалиева, Сабина Садуова, Айсана Байболат динамикалық жаттығудан үздік атанды.