Павлодарда тұрғындар қала әкіміне сұрақтарды тікелей қоя алады
Кездесу басталғанға дейін мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды жеке қабылдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығында 23 желтоқсанда сағат 11:00-де облыс орталығы тұрғындарымен қала әкімі Хасар Хабылбековтің есептік кездесуі өтеді.
Кез келген адам жүздесуге қатысып, толғандырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік алады.