Павлодарлықтарға қарызсыз өмір сүруді үйретеді

Павлодарлықтарға  қарызсыз өмір сүруді үйретеді
Фото: pexels.com

Тұрғындар қаржылық сауаттылық бойынша оқытуға қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша тегін оқытуды жүргізеді. 

– Егер сізде несие бойынша қарызыңыз болса немесе жеңілдетілген несиелер арқылы кәсібіңізді дамытуды жоспарласаңыз, бұл бағдарлама сізге арналған. Қаржылық қиындықтарды шешу және тұрақтылыққа қол жеткізу үшін маңызды білім алыңыз, – деді партияның филиалында. 

Оқыту 9-13 желтоқсан аралығында Павлодар қаласында Қайырбаев көшесі, 32 мекенжайында, Екібастұзда М. Жүсіп көшесі, 51 мекенжайында орналасқан орталық қалалық кітапханада және Шарбақты ауылында Чайко көшесі, 39 мекенжайындағы аудандық кітапханада сағат 09:00-ден бастап өткізіледі. Ал Ақсу қаласында Астана көшесі, 1 мекенжайындағы Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде қаржылық сауаттылыққа сағат 14:30-дан бастап үйретеді.

Толық ақпарат алу үшін келесі нөмірлерге хабарласуға болады: +7 (705) 409-95-59 Павлодар, +7 (778) 840-03-27 (Екібастұз), +7 (707) 703-01-64 (Ақсу), +7 (777) 651-66-87 (Шарбақты).