Павлодарда 150 келіден астам есірткі табылды
Бұл - шамамен 650 мыңнан астам доза, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, «Бүркіт» ЖСН және прокуратура органдарының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізілді.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Саяжай алқабындағы үйді тінту кезінде 170 келіден астам «мефедрон», екі тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.
Жалпы есеппен тәркіленген есірткінің құны 4,2 миллиард теңгені, ал көлемі 680 мың дозаны құрайды.
Айта кету керек, Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.