Павлодарда халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік бағдарлама өтті

Павлодарда халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік бағдарлама өтті
Фото: «Достық үйі»

Іс-шараға қатысушылар «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ атынан Алғыс хаттармен марапатталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Достық үйінде» «Павлодар облысының фин-угор этномәдени орталығы» ҚБ «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-мен бірлесіп, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап «Біз барлық жақсы өлең жолдарын әйелдерге арнаймыз» мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылды.
Аталмыш жиында ҚХА Аналар кеңесі қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ольга Николашина сөз сөйледі. Сондай-ақ, халықаралық мерекенің тарихын баяндап, әр елдің аталмыш мейрамды қалай тойлайтыны туралы айтты. Нәзік жандарды келе жатқан мейрамымен құттықтап, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ атынан алғыс хаттармен марапаттады.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында «Қоғамдық келісім» КММ шығармашылық ұжымы өз өнерлерін ортаға салды.