Павлодарда клиникалық өлімді бастан кешкен ер адам аман қалды

Павлодарда клиникалық өлімді бастан кешкен ер адам аман қалды
Фото: pexels.com

Медициналық бригада науқасты тасымалдау кезінде дефибрилляторды қолдануға мәжбүр болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өткен демалыс күндері «103» нөміріне шұғыл қоңырау түсті. Қоңырау шалған әйел жүрек тұсы қатты ауырған 1976 жылы туған күйеуіне көмек сұраған. Оқиға орнына бірінші санаттағы жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді.

Белгілі болғандай, ер адам жіті коронарлы синдром болған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оны облыстық кардиологиялық орталыққа жеткізу туралы шешім қабылданды. Ішкі хаттама талабы бойынша дәрігерлер кардиологиялық орталықтың қабылдау бөліміне ауыр науқасты тасымалдау туралы хабарлаған.

– Тасымалдау кезінде ер адамда қарыншалық фибрилляция түріндегі өмірге қауіп төндіретін жүрек ырғағының бұзылуы пайда болды, – деді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенко. – Клиникалық өлім орын алды, сондықтан дәрігерлер жанама жүрек массажын және өкпені жасанды желдетуді жасады. Дефибриллятордың көмегімен науқастың жүрек ырғағы қалыпқа келіп, оның жағдайы тұрақтандырылды. 

Ер адам кардиологиялық орталықтың қабылдау бөлімшесіне түсіп, одан әрі емделу үшін кезекші реанимациялық бригадаға жіберілді. Қазіргі уақытта науқас стенттеуден өтіп, ем қабылдауын жалғастыруда

Жедел жәрдем қызметі жүргізілген реанимацияның сәтті нәтижесі – медицина қызметкерлерінің біліктілігі үнемі арта түсетінің дәлелі.

Көп жылдар бойы «103» қызметкерлері шұғыл көмек көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша оқу курстарынан өтіп, оның ішінде симуляциялық орталықта тәжірибелік дағдыларды меңгеруде.  Қазіргі кезде қызметкерлер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен барлық мобильді бригадаларды аттестациялауды жалғастыруда. Барлығы 500-ге жуық дәрігер мен фельдшер тексеруден өтеді.