Павлодарда коммуналдық қызметтерді талқыға салады
Қоғамдық қабылдау онлайн режимінде өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдерімен бірлесіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізеді.
– Осы қоғамдық қабылдауда әрбір тілек білдіруші коммуналдық саланың проблемалық мәселелерін шешу жолдары мен түсіндірмелерін ала алады, – дейді ведомствода.
Қоғамдық қабылдау онлайн режимінде 1 қыркүйек күні сағат 15:00-ден 1:00-ге дейін тікелей эфирде Департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді.
Толығырақ ақпаратты +7(7182)32-12-10, 32-12-04 телефондары арқылы алуға болады.