Павлодар облыстық мәслихатына кімдер сайланды

Павлодар облыстық мәслихатына кімдер сайланды

Облыстық мәслихатқа партиялық тізімдер бойынша өткен депутаттардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Оларға Павлодар облыстық мәслихатының депутаттық мандаттары бөлінді.

«Қазақстан Халық партиясынан» бір үміткер кірді:

Мухортов Илья Игоревич – Павлодар облыстық «Қазақстан Халық партиясы»  бірінші хатшысы, меценат

«Ауыл» партиясынан екі үміткер кірді:

Аманжолов Болат Аменұлы –  «АКТУКООП» ЖШС директоры

Аханов Достияркул Болатұлы –  «МЕРКУРИЙ 5» ЖШС директоры

«Ақ жол» партиясынан екі үміткер кірді:

 Ярошенко Павел Иванович – кәсіпкер.

 Сатыбаев Фуат Сайдахметұлы – меценат, кәсіпкер.

«AMANAT» партиясынан 9 үміткер сайланды: 

Акопян Гнел Мартиросович – «АЗА»ЖШС директоры 

Қалижанова Сандуғаш Қайыргелдіұлы –  партия мүшесі.

Мерғалиев Дуйсен Армешевич. «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ президенті

Соломкин Виталий Вячеславович. «ГОРДОРСТРОЙ» – ЖШС коммерциялық директоры.

Терентьев Александр Алексеевич – «Стальмонтаж» ЖШС,  «Ақтогай-Агро» ЖШС бас директоры

Сәдуақасов Серік Телманұлы – Павлодар облысының  «Атамекен» ҚР ҰҚП  директоры. 

Теренчено Илья Сергеевич – «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы.

Айтжанова Динара Нұржанқызы – «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

Даумова Раушан Жұмабайқызы – Павлодар облысы бойынша «ҚАЗПРОФМЕТАЛЛ» өнеркәсіпінің тау-кен-металлургиялық кәсіптік одағы төрағасының орынбасары

«Respublica» партиясынан екі үміткер сайланды: 

Амангелді Маханбет – «Respublica» партиясы облыстық филиалының басшысы.

Мантыков Сабиден Сагитханұлы – РМК «Еңбек» директорының орынбасары.  

Жалпы Павлодар облысының мәслихатында 32 депутат кіреді, ал қалалық және аудандық мәслихаттарда 190 депутат бар.

Фото: ашық дереккөздерден