Павлодарда кондитерлік цехта өрт шықты

Павлодарда кондитерлік цехта өрт шықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрт сөндірушілер үш газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқиға Литвинов көшесінде орналасқан кондитерлік цехтың екі қабатты ғимаратында орын алды. 

– Өрттің жалпы ауданы шамамен 200 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттан 10 адам өз бетінше далаға шыққан. Өрт сөндіру жұмыстары кезінде ТЖД қызметкерлері жарылыстың алдын алу мақсатында 3 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды, – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ.